Алғашқы еңбек жолы жұлдызды қалада бастау алған
Ақжарма ауылының білікті маманы Марина Тасберген денсаулық сақтау ісінде өзіндік қолтаңбасын қалдырып келе жатқан қарапайым жандар қатарында.
Тереңөзек кентінің тумасы Марина Зұлқарнайқызы алғаш еңбек жолын Байқоңыр қаласынан бастайды. 3 жыл бойы жұлдызды қаланың тыныс-тіршілігіне қаныққан тәжірибелі маман туған жерге оралады.
1991 жылы Сырдария аудандық ауруханасының «Перзентхана» бөлімішесіне балалар медбикесі ретінде жұмысқа орналасады.
Ал сала маманы 30 жылдан бері Ақжарма ауылының тұрғыны. Осы ауылда медбикелік қызметпен дараланып, әр жылдары дәрігердің сенімді серігіне айналды.
Қазіргі уақытта өзіндік тәжірибесі арқылы халықтың денсаулығын жақсартуға барын салуда.