Жергілікті тұрғындарға қалтқысыз қызмет етеді
Қармақшы ауданының тумасы Гүлмира Жақыпбаева Нағи Ілиясов ауылындағы амбулаторияда қызмет етеді.
Білімі толысқан медбике қашанда өзіне жүктелген міндетті мүлтіксіз атқаруға тырысады.
Әрине, медбикенің науқасқа әрбір сөзі – жұбаныш, жүрегі – шексіз төзім мен қамқорлық екені мәлім.
Үнемі жайдарлы мінезінен айнымайтын сала маманы ауылдағы басы ауырып, балтыры сыздаған тұрғындардың талап үдесінен шығуға тырысады.
Сырқат жанға қолғабыс етіп, ішкі жандүниесімен ұғысады. Әріптестерімен бірге жаңа медициналық емдеу мекемесінде жергілікті тұрғындарға қалтқысыз қызмет етеді.