АЙМАҚ ТІЛШІЛЕРІ АУДАНДЫҚ АУРУХАНА ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ — КГП на ПХВ «Сырдарьинская районная больница» управления здравоохранения Кызылординской области»
АЙМАҚ ТІЛШІЛЕРІ АУДАНДЫҚ АУРУХАНА ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ 20 июля 2025

АЙМАҚ ТІЛШІЛЕРІ АУДАНДЫҚ АУРУХАНА ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Сырдария аудандық ауруханасының серпінді жұмысы қазіргі уақытта көпшілік назарында. Тынымсыз еңбек пен нәтижелі бастамалардың арқасында аудандағы ақ халатты абзал жандар үлкен жетістікке қол жеткізуде. Соңғы апталарда аудандық ауруханаға қарасты емдеу мекемелерінің жұмысымен аймақтағы БАҚ өкілдері танысып, іргелі ұжымның аяқ алысына жан-жақты қанықты.
Ең алдымен, «RAST.KZ» ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталының тілшісі Жансая Нұрқожа Сырдария ауданына арнайы іссапармен келді. Сапар барысында БАҚ өкілі аудандық ауруханаға қарасты емдеу мекемелерінің жұмысымен танысты. Өз кезегінде қаламын қару еткен портал тілшісі білікті дәрігерлер Айгүл Жақыпова мен Қайрат Ерманов және тәжірибелі медбикелер Зару Әбіләкімқызы мен Гүлзада Мырзабекова жөнінде көлемді мақала жариялады.
Бұл ретте, «Сыр бойы» облыстық газетінің тілшісі Ақсәуле Қарапаева ауданға сапары аясында аудандық аурухананың құрамындағы «Паллиативтік көмек» және «Медициналық оңалту» бөлімшесінің жұмысын облыс халқына кеңінен таныстыру мақсатында мол ақпаратқа қол жеткізді.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен, БАҚ өкілдерінің қатысуымен жақында ауданда баспасөз туры өткізілген болатын. Баспасөз тур барысында аудандық аурухананың бас дәрігері Жалғасбек Үсенов облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тікелей қолдауымен, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында облыстық бюджеттен 328 миллион теңге бөлініп, күрделі жөндеу жұмысы жүргізіліп жатқан Шаған ауылдық амбулаториясының қазіргі жағдайы хақында тілшілерге молынан ақпар берді. Сонымен қатар бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Қанат Медетбаев «Паллиативтік көмек» және «Медициналық оңалту» бөлімшесінің қазіргі жай-күйі жөнінде баяндады.
  • Теги новостей
  • Теги не найдены