БІРІНШІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ — КГП на ПХВ «Сырдарьинская районная больница» управления здравоохранения Кызылординской области»
БІРІНШІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ 31 июля 2025

БІРІНШІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Кеше аудандық емхананың мәжіліс залында осы жылдың бірінші жартыжылдығын қорытындылау мақсатында медициналық кеңес өткізілді. Кеңеске аудандық аурухананың бас дәрігері Жалғасбек Үсенов, салалық орынбасарлар, дәрігерлер мен сала мамандары қатысты. Жиынды бас дәрігер Жалғасбек Тұрлыбекұлы ашып, жүргізіп отырды.
Өз кезегінде күн тәртібіндегі мәселелер бойынша бас дәрігер бірнеше мәселе көтерді. Одан кейін баяндамашыларға кезек берілді. Ең алдымен, ана мен бала денсаулығы байланысты 2025 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар бойынша бас дәрігердің ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары Ақгүл Құлеке хабарлама жасап, аталған тақырып бойынша бірнеше мәселені тілге тиек етті. Сонымен бірге онкология саласы бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде дәрігер-онколог Майра Халыбаева бірнеше бағытта мәлімет келтірді. Ал бас дәрігердің ішкі аудит және пациеттерді қолдау жөніндігі орынбасары Жұлдызай Баймишова МӘМС жүйесі бойынша бірнеше мәселені талқылады. Көрсетілген медициналық қызмет түрлеріне талдау жүргізді. Сонымен қатар емханада көрсетілген қызметтердің қорытынды рейтингісін жасады.
– Адам өміріне араша түсетін дәрігерлердің жұмысы қай кезде де қауырт. Бірінші жартыжылдықты қорытындылауға арналған кеңесте көптеген мәселе қаралды. Күнделікті әрбір маман жұмысына жауапкершілікпен қараса, кемшілік орын алмайды. Сан бағытқа бөлінген медицина саласы салғырттықты кешірмейді. Жүйелі жұмысты жүргізе отырып, сапалы қызмет үлгісін көрсете білген дұрыс, – деді бас дәрігер.
Медициналық кеңес қорытындысы бойынша сала мамандарына нақты тапсырма жүктелді.
  • Теги новостей
  • Теги не найдены