Жастарға жол көрсетер жанашыр аға — КГП на ПХВ «Сырдарьинская районная больница» управления здравоохранения Кызылординской области»
Жастарға жол көрсетер жанашыр аға 25 мая 2025

Жастарға жол көрсетер жанашыр аға

Аудан медицинасында орта буын қызметкері ретінде өзіндік ұстанымымен танылып келе жатқан ер азаматтар баршылық.
Соның бірі – Қалдыбек Жұмабеков. Соңғы 30 жылда аудандық емханада нарколог-фельдшер ретінде асқан ыждағаттылықпен жұмыс жасауда.
Қашанда қарапайым болмысы арқылы жастарға жол көрсететін ел ағасы өз саласының білгірі саналады.
Табан аудармастан бір жерде қызмет етіп, наркология қызметін ұтымды үйлестіріп келеді.
Үнемі мінезі қиын, әрнәрсеге көндіге бермейтін жандармен жұмыс жасау – сала маманы үшін ауыр соғатыны жасырын емес.
Мұндайда сабырлықпен мәселені шешіп, Қалдыбек Төребекұлы өз жұмысын жауапкершілікпен атқарады.
  • Теги новостей
  • Теги не найдены