Айдарлы ауылының халқы дәрігер кеңесіне жүгінді — КГП на ПХВ «Сырдарьинская районная больница» управления здравоохранения Кызылординской области»
Айдарлы ауылының халқы дәрігер кеңесіне жүгінді 25 мая 2025

Айдарлы ауылының халқы дәрігер кеңесіне жүгінді

Ақ халатты абзал жандар аудан орталығынан шалғайда орналасқан Айдарлы ауылына атбасын бұрды. Осыған дейін бірнеше ауылда болған сала мамандары акушерлік гинекологиялық көмек көрсету ұйымдастыру стандарттарын бекіту туралы 2021 жылы шыққан №92 бұйрық негізінде ауыл халқына бірнеше бағытта кеңес берді.

Бұл ретте, мобилді топ құрамында акушер-гинеколог Н.Әбішова, онколог М.Халыбева, СӨСҚ маманы Л.Ауминова, психолог М.Маханбетжанов болғанын айта кетейік.

Алтын қолды дәрігерлер мен білікті мамандар саламатты өмір салтын ұстануға қатысты түсіндірме жұмысын жүргізді. Ауыл халқы денсаулығындағы шағымдарын айтып, дәрігер кеңесіне жүгінді.

  • Теги новостей
  • Теги не найдены