МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫ АТТЕСТАЦИЯ ТАПСЫРДЫ — Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Сырдария аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы ШЖҚ КМК
МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫ АТТЕСТАЦИЯ ТАПСЫРДЫ 11 августа 2025

МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫ АТТЕСТАЦИЯ ТАПСЫРДЫ

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын алдын алу және сақтану шаралы негізінде аудандық аурухананың бас дәрігерінің арнайы бұйрығы бойынша аттестация өткізілді.
Негізінен, аттестацияға дәрігерлер мен орта буын қызметкерлері тартылды. Екі күнге созылған сынақ барысында ақ халатты абзал жандардан бас дәрігердің аудит жөніндегі орынбасары Жұлдызай Баймишова, инфекционист-дәрігер Манат Садықова, Мереке Ізтаева, эпидемиолог-дәрігер Гүлзат Баджанова тақырып бойынша сан түрлі сауал қойып жауап алды.
Айта кетейік, екі күні бойы 150-ге жуық медицина қызметкері сынақтан өтті. Алдағы уақытта аттестация жұмысы жалғасын табатын болады.
  • Жаңалықтар тегі
  • Тегтер табылмады