Алғашқы еңбек жолы жұлдызды қалада бастау алған — Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Сырдария аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы ШЖҚ КМК
Алғашқы еңбек жолы жұлдызды қалада бастау алған 25 мая 2025

Алғашқы еңбек жолы жұлдызды қалада бастау алған

Ақжарма ауылының білікті маманы Марина Тасберген денсаулық сақтау ісінде өзіндік қолтаңбасын қалдырып келе жатқан қарапайым жандар қатарында.
Тереңөзек кентінің тумасы Марина Зұлқарнайқызы алғаш еңбек жолын Байқоңыр қаласынан бастайды. 3 жыл бойы жұлдызды қаланың тыныс-тіршілігіне қаныққан тәжірибелі маман туған жерге оралады.
1991 жылы Сырдария аудандық ауруханасының «Перзентхана» бөлімішесіне балалар медбикесі ретінде жұмысқа орналасады.
Ал сала маманы 30 жылдан бері Ақжарма ауылының тұрғыны. Осы ауылда медбикелік қызметпен дараланып, әр жылдары дәрігердің сенімді серігіне айналды.
Қазіргі уақытта өзіндік тәжірибесі арқылы халықтың денсаулығын жақсартуға барын салуда.
  • Жаңалықтар тегі
  • Тегтер табылмады