Көптің алғысын арқалаған… — Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Сырдария аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы ШЖҚ КМК
Көптің алғысын арқалаған… 25 мая 2025

Көптің алғысын арқалаған…

Отбасында ардақты әке, жұмыста тәжірибелі маман бола білген Болат Жүсіпбаев орта буын қызметкері ретінде көпшіліктің сый-құрметіне ие. Ақ жүректі азамат өзіндік ұстанымы арқылы есімін көпшілікке таныта білген.
Беделі биік аға №131 Қызылдихан орта мектебін бітіріп, Қызылорда медициналық училищесінің фельдшерлік бөліміне оқуға түскен.
Дипломын қолға алған жас маман ауданға қарасты Сәкен Сейфуллин және Асқар Тоқмағамбетов ауылында фельдшерлік қызметімен көпшілікке танылған.
2012 жылдан бері Бұрынғы Оспан Мәлібаев ауылдық фельдшерлік-акушерлік бекет, қазіргі №7 аймақтың медағасы қызметінде.
Күнделікті еңбегі көзге көрінбесе де, әрбір адамның жүрегіне жететін сала маманы көптің алғысын арқалап, мерейі тасуда.
  • Жаңалықтар тегі
  • Тегтер табылмады