ЖАҢА ЗАҢ МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ — Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Сырдария аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы ШЖҚ КМК
ЖАҢА ЗАҢ МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ 27 июля 2025

ЖАҢА ЗАҢ МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ

Жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойғаны мәлім. Заңда МӘМС жүйесіне байланысты біршама өзгеріс енгізілген.
Арнайы құжат шеңберінде алдағы уақытта МӘМС жүйесін жан-жақты жетілдіру көзделген. Аталған құжатта медициналық көмекке қолжетімділікті халықтың барлық топтары үшін тең құқықты етуге мүмкіндік беретін маңызды жаңалықтар қатары жеткілікті. Азаматтардың денсаулығы мен әл-ауқатының жалпы деңгейін арттыру бойынша кешінді жұмыстар жүргізілетініне сенеміз. Ең бастысы, сақтанушы мәртебесін сақтаудың жеңілді кезеңі – 3 айдан 6 айға дейін ұлғайтылғаны қуанышты жаңалық. Аталған жаңалық соңғы 5 жыл бойы тұрақты үлес қоса отырып, табысынан уақытша айырылған азаматтарға тікелей қатысты болып табылады.
2026 жылы МӘМС жүйесімен 1 миллионнан астам адам қамтылатын болады. Әрине, бұл ел азаматтары үшін үлкен көмек. Медициналық қызметтің халыққа қолжетімділігін арттырған жағдайда жергілікті халықтың денсаулығы жақсара түсетіні жасырын емес. Сырдария аудандық ауруханасының ұжымы қай кезде де жаңа заңдағы негізгі міндеттерге сүйене отырып, МӘМС жүйесін жетілдіруге күш сала бермек.
Жалғасбек ҮСЕНОВ,
Сырдария аудандық ауруханасының бас дәрігері

  • Жаңалықтар тегі
  • Тегтер табылмады