ЖАСТАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ ТЕКСЕРІЛДІ — Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Сырдария аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы ШЖҚ КМК
ЖАСТАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ ТЕКСЕРІЛДІ 04 августа 2025

ЖАСТАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Бүгін Сырдария аудандық емхананың базасында «12 тамыз – Халықаралық жастар күні» аясында арнайы «Ашық есік күні» өткізілді. Оған аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Айгүл Ахметова, аудандық емхана дәрігері Гүлжамал Ізтаева, сала мамандары қатысты.
Арнайы іс-шара барысында аудан жастарының денсаулығы жіті тексеріліп, барлығына дәрігерлер тарапынан жан-жақты кеңес берілді. Өз кезегінде медицина мамандары жастарды скринингтік тексеруден өткізіп, сырқаты бойынша мамандадырылған дәрігерлерге жолдады. Сонымен қатар саламатты өмір салтын ұстануға қатысты түсіндірме жұмысы жүргізіліп, денсаулықты күтудің қыр-сыры қамтылды.
– «12 тамыз – Халықаралық жастар күні» аясында он күн бойы іс-шара өткізу жоспарланған. Бүгін аудандық емханада жастардың денсаулығын жағдайына көңіл бөлініп, скринингтік тексеру жүргізілді. Бұның барлығы – жастарды саламатты өмір ұстануға бағыттау екені даусыз. Алдағы уақытта мұндай іс-шаралар жалғасын табатын болады, – деді Айгүл Ахметова.
  • Жаңалықтар тегі
  • Тегтер табылмады