Бас дәрігердің бүлдіршіндерді мерекемен құттықтауы — Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Сырдария аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы ШЖҚ КМК
Бас дәрігердің бүлдіршіндерді мерекемен құттықтауы 27 мая 2025

Бас дәрігердің бүлдіршіндерді мерекемен құттықтауы

Сіздерді “1 Маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен” құттықтаймын!
Балалық шақ – өмірдің ең жарқын, ең бақытты кезеңі. Сендердің бейкүнә күлкілерің, таза жүректерің мен шексіз армандарың әлемді мейірімге бөлейді. Сендер – біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі, үмітісіңдер.
Әр күндерің қуаныш пен шаттыққа, таңғажайып оқиғалар мен жаңа жетістіктерге толы болсын. Жүректеріңде үміт оты сөнбей, білімге, өнерге, достық пен жақсылыққа деген талпыныстарың ешқашан бәсеңдемесін. Мектеп табалдырығын аттап, алғаш білімге қадам басып келе жатқан бүлдіршіндерімізге – сәттілік, ал қанаттары қатайған жеткіншектерге – асқақ арман мен биік мақсаттарға жетуді тілеймін.
Сендердің жарқын болашақтарыңа жол ашық болсын! Оқуда алда болып, үлкен азамат атанып өсе беріңдер. Көңілдерің шат, дендерің сау, қадамдарың сәтті болсын!
Біз сендерге әрдайым сенеміз және мақтан етеміз!
Жалғасбек ҮСЕНОВ,
Сырдария аудандық ауруханасының бас дәрігері
  • Жаңалықтар тегі
  • Тегтер табылмады