Халық қалаулылары қос бөлімшенің жұмысымен танысты — Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Сырдария аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы ШЖҚ КМК
Халық қалаулылары қос бөлімшенің жұмысымен танысты 27 мая 2025

Халық қалаулылары қос бөлімшенің жұмысымен танысты

Аудандық мәслихат депутаттары аурухана жанынан ашылған «Паллиативтік көмек» және «Медициналық оңалту» бөлімшесіне арнайы барып, қос бөлімшенің жұмысымен танысты.
«AMANAT» партиясының аудандық филиалының фракция мүшелеріне бас дәрігер Жалғасбек Үсенов облыс бойынша халыққа үздіксіз қызмет көрсетіп келе жатқан бөлімшелердің атқаратын жұмысын баяндады.
Бүгінде «Паллиативтік көмек» бөлімшесінде ем алып жатқан облыс тұрғындары айтарлықтай баршылық. Өзге аудандардан келетін емделушілерге барлық жағдай жасалған. Өз кезегінде халық қалаулылары бөлімшелердің жұмысына жоғары баға берді. Арнайы заманауи үлгідегі құрал-жабдықпен, технологиямен жасақталған бөлімшеде ақ халатты абзал жандар қалтқысыз жұмыс жасауда.
Аудандық AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы аудандағы медициналық мекемелерге партиялық бақылау алдағы уақытта әріптестерімен бірге жалғасын табатынын жеткізді.
Сырдария аудандық ауруханасының баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар тегі
  • Тегтер табылмады