Ауыл балалары дәрігерлер бақылауында
Жақында Сырдария аудандық ауруханасының дәрігерлері ауданға қарасты Аманкелді және Жетікөл ауылына арнайы іс-сапармен барды. Дәрігерлер ауыл балаларын арнайы медициналық тексеруден өткізіп, денсаулығындағы кінәратты анықтады.
Ауыл балаларының жағдайына бақылау жасаған салалық дәрігерлер балалар арасындағы бірнеше дертті анықтап, ем-шара жүргізу бағытында ата-анасына кеңес бесрді. Сонымен қатар жан-жақты ем қабылдау басқа емдеу мекемелеріне арнайы жолдама берді.