Емханада медициналық кеңес өтті
Аудандық емхананың мәжіліс залында медициналық кеңес өткізіліп, күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралды.
Ақ халатты абзал жандардың қатысуымен жүзеге асқан жиында бас дәрігердің салалық орынбасарлары мен бөлім басшылары баяндама жасады.
Медициналық кеңес барысында Сырдария аудандық ауруханасы бойынша аймақтар бөліндісінде 2025 жылдың 3 ай қорытындысымен рейтингтік бағалау туралы дәрігердің ішкі аудит және пациеттерді қолдау жөніндігі орынбасары Ж.Баймишова көпшілікке баяндаса, туберкулезді ерте анықтау, алдын-алу шараларын үйлестіру жөнінде 2025 жылдың 3 айында атқарылған жұмыстар хақында көпшілікке дәрігер-фтизиатр Л.Ибраймова жеткізді. Сонымен қатар 2025 жылдың 3 айында тіркелген өлім-жітім жағдайлары бойынша талдау нәтижесін бас дәрігердің БМСК жөніндегі орынбасары Ж.Жұмабаева хабарлалады.
Өз кезегінде бірқатар бағыт бойынша дәрігерлер хабарлама жасап, күн тәртібіндегі мәселдлерді талқылады.