Әріптестері басқа қызметке құрметпен шығарып салды
Бірнеше жыл аудандық ауруханада табанды еңбек етіп, аудан медицинасының дамуына үлес қосқан білікті маман, бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған Еркін Жаңабайұлын әріптестері салтанатты түрде басқа қызметке ауысуына байланысты шығарып салды.
Салтанатты жиында аудандық аурухананың бас дәрігері Жалғасбек Үсенов Еркін Жаңабайұлын жаңа қызметімен құттықтап, аудан әкімі Берік Сәрменбаевтің «Алғыс хатын» тапсырды. Сонымен қатар арнайы «Құрмет грамотасын тапсырды.
– Ұзақ жылдар бойы аудан медицина саласының қыр-сырын терең меңгеріп, денсаулық сақтау жүйесінде тынымсыз еңбек етіп, жоғары кәсіби деңгей мен шынайы адалдықтың үлгісін көрсеткеніңіз үшін шын жүректен алғысымды білдіремін! Сіз аудандық аурухана ұжымында салалық орынбасар ретінде үлкен жауапкершілікпен, жан-жақты ұйымдастырушылық қабілетіңізбен, жоғары мәдениет пен адами қарым-қатынастағы биік ұстанымдарыңызбен ерекшелендіңіз. Әрдайым ұжым мүддесін жоғары қойып, қызметкерлерге бағыт-бағдар беріп, жас мамандарды қолдап, өз білгеніңізді үйретуден жалыққан емессіз. Осындай қасиеттеріңіз үшін әріптестеріңіздің, басшылықтың және жалпы ұжымның шынайы құрметі мен ризашылығына бөлендіңіз.
Сізді жаңа қызметке ауысуыңызбен құттықтай отырып, бұл қадамның жаңа табысқа, жаңа белеске жетелейтін жарқын жол болатынына сенім білдіремін. Жаңа ортада да Сіздің кәсіби тәжірибеңіз бен ізгілігіңіз үлкен рөл атқаратынына күмән келтірмеймін, – деді бас дәрігер.
Жиын барысында Еркін Жаңабайұлына әріптестері жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар мәртебелі маманды иесі өзінің ұжымдастарына ерекше сый-құрмет үшін шынайы алғысын жеткізді.