Аудандық аурухана ұжымы мерекені думандатып өткізді — Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Сырдария аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы ШЖҚ КМК
Аудандық аурухана ұжымы мерекені думандатып өткізді 01 апреля 2025

Аудандық аурухана ұжымы мерекені думандатып өткізді

Сырдария аудандық ауруханасының ұжымы биыл Ұлыстың ұлы күні мерекесін думандатып өткізді. «Наурызнаманың» онкүндігі аясында жүзеге асқан салтанатты іс-шараға облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Искаков, аудан әкімінің орынбасары Димаш Байдушев, Сырдария аудандық ауруханасының бас дәрігері Жалғасбек Үсенов, сала мамандары мен ардагерлері қатысты.
Биыл ерекше форматта ұйымдастырылған салтанатты іс-шараны ашқан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Ермекұлы іргелі ұжымды мерекемен құттықтады.
– Құрметті әріптестер Сіздерді ұлық мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Береке мен бірліктің бастауы болған ұлыстың ұлы күні жақсылық пен оң өзгерістің символына айнала берсін. Бүгінде Сыр медицинасы – даму көкжиегінде. Аудан көлемінде емдеу мекемелеріне күрделі жөндеу жұмысы жүргізіліп, халыққа сапалы медициналық қызмет ұсынуға айрықша жұмыстар жасалуда. Жергілікті халықпен тығыз байланыс орната білген Сіздердің отбасыларыңызға тек шаттық пен береке тілеймін, – деді басқарма басшысы.
Аудан әкімінің орынбасары Димаш Байдушев құттықтау сөзінде медицина саласы мамандарының еңбегін ерекше бағалап өтті.
Сонымен қатар «Сырдария ауданының Құрметті азаматы», «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері, «Денсаулық сақтау саласының үздігі» медальдарының иегері Рүстем Садықовты 85 жас мерей тойымен құттықтап, аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың арнайы алғыс хатын табыстады.
Айта кетейік, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Ермекұлы қазақы дәстүрмен кішкентай бүлдіршіннің тұсауын кесті. Көпшілікке арнап тоқсанның төріндегі медицина саласының ардагері Сейтхан Дәужанов бата берді.
Думанды кеште көпшілікке наурыз көже беріліп, қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылды. Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашты. Медицина қызметкерлері ұлттық спорт түрлерінен жарысқа түсті. Аудан медцинасының мамандары мен қызметкерлері облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының, аудан әкімінің, салалық кәсіподақ ұйымының алғыс хатына ие болды. Ұлттық киімді насихаттаған ұжым мүшелері сый-құрметке ие болды.
  • Жаңалықтар тегі
  • Тегтер табылмады